Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жастардың деструктивті діни ағымдарға еліктірудің қаупі

2 наурыз күні конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен Солнечный кентінің №16 және №28 мектебінің 9-11 сынып оқушылары және ұстаздарымен “Жастардың деструктивті діни ағымдарға еліктірудің қаупі” тақырыбында кездесу өтті. 

Кездесудің негізгі мақсаты – Екібастұз өңірінде діни сауаттылықты көтеру, сонымен қатар діни экстремизм мен жалған дәстүрлі діни қызметтердің алдын алу. Ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері орталықтың теолог маманы (Екібастұз қаласы мешітінің наиб имамы) Смағұл Дастан  орталықтың директоры Нұрлан Туребаев, инспекторлар Кажияхмет Рахимбердин мен Ботагөз Рахимбек қатысып, ислам дініндегі діни ағымдардан келетін қауіпі туралы сөз қозғады. Қатысушыларға арнап “Бюро расследований. Операция А.” фильмі көрсетілді. Кездесу соңында қатысушылар қойған сұрақтарға жауаптар берілді.