Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізілуде

         Мемлекеттік органдардың ең маңызды бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды күрес жүргізу.

         Жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықты түбімен жою бойынша 2015 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖ департаменті Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында нақты жұмыстар іс-жүзіне асырылуда.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында  басқарманың бөлім бастықтарымен бөлімдердің жеке құрамына (бекітілген дәрістер бойынша) күн сайын нұсқаулық өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің мамандарымен кәсіпкерлер, нарық, сауда үйлердің басшыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Оларға сыбайлас жемқорлықтың негізгі принциптері, мемлекеттік органдардың, лауазымды және басқа тұлғаларға  сондай-ақ олардың қатарына қосылған тұлғалардың нақты құқықтық тәртібі мен қызметтерінің қою шаралары түсіндірілді.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заң тұрғысындағы қызығылушықтарын қорғау, мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті лауазымды және басқа да тұлғаларды сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жағынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау мақсатында, басқармада жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне тіркеу жүргізіледі.

Басқарманың ғимаратында кіре берісте шағымдар мен өтініштерге арналған жәшігі мен мемлекттік қызметшілер этикасын бақылау кітабы, «сенім телефоны» бойынша ақпараттарды есепке алу журналы бар.

Басқарма басшыларымен, қабылдау кестесіне сәйкес (кесте басқарманың фойесінде ілулі) жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жұмысы өткізіледі.

Сонымен қатар Екібастұз қаласының ТЖ басқармасында 34-09-07 сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге қоңырау шалып, кез келген адам басқарма қызметкерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттері туралы хабарлай алады.

 

 

 

Екібастұз қаласы

ТЖ басқармасының

мемлекеттік өрт қадағалау

бөлімі