Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қала басшысы мемлекеттік қызмет әйел-ардагерлері мен ҰОС қатысушы әйелдерді құрметтеді

         2015 жылдың 3 наурызында  «Атамұра» мәдени орталығында қала басшысы  мемлекеттік қызметтің әйел-ардагерлері және Ұлы Отан соғысына қатысушы әйелдерімен кездесті.

          Қала әкімі Александр Вербняк әйел-ардагерлерді 8 наурыз  – Халықаралық әйелдер күні мейрамымен құттықтап, оларға бақыт, денсаулық және амандық тіледі. Сонымен қатар, оларға гұл шоғы және ақшалай сыйақы берілді.

         Салтанатты бөлімнен кейін жиналған қауым қалалық  «Атамұра» мәдени орталығының қызметкерлері дайындаған концертті тамашалады.