Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Парасат падишасы

Жуырда Лебяжі ауданының Теңдік ауылында аудан әкімінің қолдауымен оқушылар айтысы ұйымдастырылды. Қасиетті мәуліт мерекесіне арналған айтысқа Баянауыл, Павлодар, Май, Лебяжі, Ақсу және Екібастұз өңірінен 10 ақын қатысты.

Екібастұз қаласының «Атамұра» мәдениет орталығындағы «Жас толқын» ақындар үйірмесінің өнерпаздары Еламан Төлеутай және Әбілқайыр Нұртай «Парасат падишасын» жырларына арқау етті.

Нәтижесінде екібастұздық Е.Төлеутай жүлделі  екінші орынға ие болды. Ә.Нұртай алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Айтыстың өтуіне мұрындық болған облыстық «Желдірме» жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Асығат Тұрғанбек барша демеушілерге алғысын білдіріп, өзге аудандар да жас ақындарға қолдау көрсетсе деген тілегін жеткізді.