kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Екібастұз қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының

2015 жылғы  26  ақпандағы

 № 3  қаулысымен бекітілген

 

 

2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды  ұсыну.

 

 

Республикалық қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдары және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні – 2015 жылғы  26 ақпаннан басталады және 2015 жылғы 15 наурызда  аяқталады.

                                            (55-б. 1-т.)

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2, 3-тармақтарында,  41-бабы                2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Азаматтың өзiн-өзi ұсыну туралы өтiнiшiн немесе республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының  кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндiні оның дауысқа түсуге келiсiмі туралы өтiнiшiмен қоса тапсырған кезден бастап бес күннің ішінде.

                                                                                  (54-б.)

 

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

 

 

Тиісті әкімдер.

Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейiн жеті күннен кешіктірмей - 2015 ж. 4 наурыздан кешіктірмей.

                                                                 (17-б. 2-т., 23-б.)

 

         4. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамын жариялау.

 

 

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Сайлау тағайындалғаннан кейiн он күннен кешіктірмей

2015 ж. 7 наурыздан кешіктірмей.

                                                                             (13-б. 4-т.)

 

5. Тиісті әкім қол қойған, әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына тапсыру.

 

 

Тиісті әкімдер.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2015 ж.           5 сәуір. 

                                                                             (24-б. 5-т.)

 

6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру.

 

 

Аумақтық сайлау  комиссиялары.

Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін берілген сәттен бастап.                                                                                                                                                              

                                                                        (14-б. 2-1) т.)

 

7.  Қол қою парақтарын беру.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы.    

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында блгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей.

(56-б. 3-т.)

 

8. Тиісті телерадиохабарларды тарату ұйымының, мерзімді баспасөз басылымы редакциясының тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі.                    

 

 

Қазақстан Республикасы  Инвестициялар және даму министрлігі.       

Бұқаралық ақпарат құралдары.

Сайлаудың тағайындалғаны туралы шешім ресми жарияланғаннан кейін оныншы күннен кешіктірмей – 2015 жылғы 7 наурыздан кешіктірмей.

                                                                           (28-б. 3-т.)

 

9. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу.

                               

 

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Қазақстан Республикасы Ішкі  істер министрлігінің аумақтық органдары.

Қол қою парақтары тапсырылған күннен бастап он күн мерзімнің ішінде.

                                                                           (56-б. 7-т.)

 

10. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2015 жылғы                          1 ақпандағы жағдай бойынша табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.

                                

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

Кандидат тіркелгенге дейін.     

(59-б. 2-т.)

 

11. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін басталады және 2015 ж. 25 наурызда аяқталады.

                                                             (59-б. 4-т., 6-т. 2) т.)

 

         12.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларын тіркеу.

                                             

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат, оның сенім білдірген адамы өтініш жасаған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде.

                                                                            (34-б. 2-т.)

 

13. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

                                 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Кандидат тіркелгеннен кейін.

                                                                                      (34-б. 6-т.)

 

14.  Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында  жариялау.

                                 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей.                                                                  

(59-б. 7-т. 1) т.)

 

15. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

                                         

 

Салық қызметі органдары.

Кандидат тіркелген күннен кейін он бес күннің ішінде.

(59-б. 2-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

                                  

 

Тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша  нөл сағатта аяқталады (2015 жылғы 26 наурызда басталады және 2015 жылғы 24 сәуірде сағат 24-те аяқталады).

(27-б. 2-т.)

 

         17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру.

                                            

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары.

2015 жылғы 26 ақпанда басталады және 2015 жылғы 25 наурызда аяқталады.

                                                                              (28-б. 6-т.)

 

         18. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру.

 

 

Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлау алдындағы үгітке дайындық барысында және сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

                                                                             (28-б. 4-т.)

 

         19. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің  ұсынуы бойынша.

Ұсыным келіп түскен сәттен басталып, дауыс беретін күнге бес күн қалғанда2015 ж. 20 сәуірде аяқталады.

(20-2-б. 2-т.)                                                                      

 

20.  Дауыс беру уақыты  мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету.

                                             

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беру өткізілетін күнге он  күн қалғанда –

2015 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей.

                                                                            (38-б. 2-т.)

 

21.   Сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда2015 жылғы  10 сәуірден кешіктірмей.

                                                                         (26-б. 1-т.)

 

22. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу.

                              

 

Аумақтық сайлау комиссиялары.

                                                                                      (38-б. 1-т.)

 

23.  Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.

                             

 

Аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлауға кемінде бiр күн қалғанда2015 жылғы 24 сәуірден кешіктірмей.

                                                                         (37-б. 3-т.)

 

24.  Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау.

                                            

  

Учаскелік сайлау комиссиялары.

 Дауыс беру басталардан бір сағат бұрын.

 (2015 жылғы 26 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 06-00 сағатта)

                                                                             (40-б. 1-т.)

 

25.   Дауыс беруді өткізу.

                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау күні, 2015 жылғы 26 сәуірде, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша  07-00-ден 20-00 сағатқа дейін.

                                                                  (38-б. 1-т.)

 

         26.  Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жасау.

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

2015 жылғы 26 сәуірде, егер дауыс беру уақыты өзгермесе,  жергілікті уақыт бойынша жиырма сағатта басталады және дауыстарды санау басталғаннан кейін он екі сағаттан асырмай жүргізіледі.

 (43-б.)

 

27. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу.

                                                 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

 Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

.                                                                                (43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына тапсыру.

                                                   

 

Учаскелік сайлау комиссиялары.

 Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.                   

                                                          (18-б. 8) т., 43-б.) 

 

         29. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларына тапсыруы.

.

 

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

                                                                 (62-б. 1-т.)

 

30.  Облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына тапсыруы.

 

 

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары.

Хаттама жасалған күннен бастап екі күннен аспайтын мерзім  ішінде – 2015 ж. 28 сәуірден кешіктірмей жолданады.

                                                                                  (62-б. 1-т.)

 

31.  Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындыларын анықтау.

 

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей – 2015 ж. 3 мамырдан кешіктірмей.

                                        (12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 3-т., 65-б. 1-т.)

 

         32. Сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу.

                                          

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзім ішінде – 2015 ж. 3 мамырдан кешіктірмей.

                                                                  (45-б., 66-б. 1-т.)

 

         33. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындылары туралы  хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                          

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей –

2015 ж. 6 мамырдан кешіктірмей.

(12-б. 10) т., 44-б. 4-т. 1) т.)

 

         34. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

                                          

 

Орталық сайлау комиссиясы.

Сайлау қорытындылары  жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2015 ж. 16 мамырдан кешіктірмей.

                                                                         (34-б. 4-т.)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының  нормаларына сілтемелер берілді.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза