Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.23.02. бастап 15ж.02.03. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 16 сағ. 20 мин. үйден қоқыс төгуге шыққанда сыртқы есікті кілтке жауып кеткендігін, пәтерде үш жасар бала ұйықтап жатқандығы, ал қайтып келген уақытта құлып желініп қалғандықтан өз кілтімен есікті аша алмағандығы жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, пәтердің кілтімен сыртқы есікті ашты, бала ұйықтап жатты.

2. Ұлы Екібастұз совхозынан шығып, Екібастұз қаласына жаяу шыққандығы туралы, жолда бағыт жоғалтып адасып кеткендігі, әкесіне ұялы телефонмен хабарласып, ГРЭС мұржаларын көріп тұрғандығы, бірақ қандай екендігін білмейтіндігін және жолға шыға алмай жүргендігін хабарлаған. Құтқарушылар ТРЭКОЛ барлық жерде жүргішпен адасып кеткен жігітті іздеуге жорамалды аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары кезінде оны іздеп жүрген жолдастары, «миллионка» подстанциясының ауданынан тауып алды. Зардап шеккендер жоқ.     

3. 19 сағ. 07 мин. жалғыз тұратын зейнеткер бірнеше күн бойы есік ашпайтындығы, ешқандай өмір белгісін бермейтіндігі жөнінде хабарлаған учкаскелік инспектордан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың қатысуымен арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, зейнеткерді бөлмелердің бірінен сал күйінде тапты. «Жедел жәрдем» қызметкерлерін шақырды.      

4. 09 сағ. 40 мин. көп қабатты тұрғын үй подъездінің үстінде қаптауыш заттан жасалған ернеу салбырап тұрғандығы, оның құлау қаупі бары жайында хабарлаған КСК төрағасынан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, үйдің төбесіне шықты, альпинистік жабдықтың көмегімен түсіп, арнайы құралмен ернеулерді шешті. 

5. 19 сағ. 48 мин. әжейдің халі нашар екендігі және медициналық қызметкерлерге өзі есікті аша алмайтындығы туралы  хабар түскендігі туралы хабарлаған «жедел жәрдем» қызметкерінен қоңырау түсті, құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, осымен әжейге пәтерге кіру үшін медициналық қызметкерлерге жол ашты.

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                                              Куценко Г.А.