Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы жергілікті атқарушы органдарының 2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі 66 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2014 жылы жергілікті атқарушы органдармен барлығы 102 474 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы 11 091 және тікелей мемлекеттік органдар арқылы – 89 123. «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта 2014 жылдың өткен кезеңінде 2 260 қызмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын ХҚКО-да,  көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде, қала әкімінің ресми сайтында, Екібастұз қаласы әкімдігі мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарында және басқа бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру арқылы ұсынылады.

Аталған ақпаратты Екібастұз қаласы әкімдігі мемлекеттік органдарының интернет-ресурстарында орналастыруға мониторинг жүргізіліп, қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы мәліметтер өзектендірілді.

Екібастұз қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» айдары жұмыс істейді, онда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері орналасқан, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету туралы және ХҚКО қызметі жөнінде ақпарат орын алған.

2014 жылы осы тақырыпта 22 семинар-кеңес өткізілді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат баспа құралдарында 12 мақала («Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде) жарияланды.              

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта және ХҚКО арқылы алу мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыру жұмысы тұрақты бақылауда тұр.  

 

 Екібастұз қаласы әкімі

аппаратының басшысы                                                                М. Адасбаева