Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сүңгілерден абай болыңыздар!

Қыс қаһарынан айырылмаса да, қазірдің өзінде үйлердің шатырларындағы ағын, қатып қалған мұздың алғашқы тамшылары бар. Біраздан соң шатырлардың, балкондардың, кіреберістердің қалқандарына жауған қар аязбен мұз болып қатып сүңгіге айналады, сүңгілер күн сәулесінің жылуынан еріп, құлай бастайды. Бұл - адам өміріне өте қауіпті, әсіресе балалар үшін.

         Адамдар абайсызда жарақаттанып қалмас үшін мекемелердің, дүкендердің, кафелердің басшылары және көпқабатты үйлердің тұрғындары үй төбелерін, қалқандарды қардан тазалауы міндетті.

Сүңгілерден абай болыңыздар!

Өздеріңізді және балаларыңызды  кенеттен болуы ықтимал апаттардан сақтаңыздар. Сүңгілері бар ғимараттардың жанынан жақын жүрмеңіздер.

 

 

М.Хамитова, ТЖ

басқармасының

           бас маманы