Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Халықтың су тасқыны мен су басу кезіндегі іс - әрекеті

Көктем кезінде өзен, көл немесе теңіз суының көтерілу нәтижесінде елді мекендердің су астына қалуына, адам мен малдың өлім – жітіміне алып келеді. Көптеген су басудың негізгі себептері нөсер жаңбыр, қардың, сүңгілердің үздіксіз еруі, қума жел болып табылады. Судың көтерілуінен болатын су басуы Қазақстанның барлық аймақтарындағы өзендерде болып тұрады. Өзеннің жоғарғы бөлігіндегі мұз тосқауылдары топырақ бөгеттерінің бұзылу жағдайында су басу қаупіне дер кезінде назар аударуға мүмкіндік беретін азды-көпті уақыт бар. Алайда қардың көктемгі еруі, құбылмалы ауа райының созылуы, мұз ери бастаған кезде өзен жағалауына тоқтамаған дұрыс. Қар еріген және қолайсыз ауа райы кезінде батпақтардың үстімен жүру өте қауіпті. Судың қосымша көлемі батпақтардың өткізгіштігін азайтады, сондықтан тіпті тексерілген учаскенің өзі кедергіге толы және өте қауіпті болуы мүмкін.

          Апатты су тасқыны кезінде мүмкіндігінше төменгі жерден жылдам кетіп, ең болмағанда, жер бедерінің ең биік нүктесіне дейін жету қажет.

         Егер сіз суда қалсаңыз, төмен қарай тартатын аяқ киімді, ауыр киімді шешіп жүзгіш заттарды, ағашты, басқа да су бетінде қалқып жүрген заттарды іздеп, көмек күтпей-ақ оларды пайдалану керек. Егер жаға алыс болса онда ағысқа қарсы баяу қарқынмен қырындай жүзіп барған жөн. Жағаға жеткеннен кейін су киімді сығып, жағаның бойымен көтеріліп желден қорғайтын жәйлі жерді тауып алып көмек күту қажет.

         Батқан адамға шалқылай жүзіп барған жақсы. Оған жақындаған кезде басынан, аяғынан, жағасынан ұстап, оның шалқылай жатқызып, бос қол мен аяқты сермей отырып жағаға қарай жылжу керек.

         Су кеткеннен кейін үзілген және ілулі тұрған электротізгіштерін, зақымдалған газ құбырынан сақтану қажет. Үйге кірірде оның бөліктерінің су толқынының соққысынан теңселмейтіндігіне көз жеткізу керек. Судан табылған азық – түлікті, тасқыннан кейінгі іркілген суды пайдалануға болмайды. Әкелінетін су болмаған жағдайда жақын маңдағы құдықты түбіне дейін сарқып, ол топырақ сумен толғанша күткен жөн.

Сіздердің қауіпсіздігіңіз, өздеріңіздің сақтығыңызға байланысты екенің ұмытпаңыздар!

 

 

 

Р.Шаймарданов,

ТЖ басқармасы, АҚ тобының

аға офицері