Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мұз үстінде абай болыныз!

Адам баласы судан келетін сан түрлі табиғи қауіпті ескермегендіктен көбіне қайғылы жағдайларға тап болады. Қыс жаз демей балық аулауды ұнататындар мынандай қарапайым ережелерді естен шығармағандары абзал: мұздың қалыңдығын нақты білмесеңіз, мұз үстіне шықпаңыз, автокөлікпен жүрмеңіз, жыраларда балық ауламаңыз!

 Екібастұз өңірінің тұрғындары! ГРЭС-1, ГРЭС-2 су қоймаларындағы мұз бетінде болу қауіпті екенін естеріңізге саламыз, бұл жерде мұз әрқашан жылы сумен шайылып отыратындықтан, тіпті аязды күндері мұз қалыңдығы жұқа болуы мүмкін.

 Есіңізде болсын, өз өміріңіздің аманшылығы, өзіңізге байланысты екенін естен шығармаңыз!

 

М.Хамитова, ТЖ басқармасының

бас маманы