Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар туралы қаулы

2015 жылғы 13 ақпан № 177/2

 

Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылы есеп беру кездесулерінде тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс -шаралар туралы

қаулы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы «Әкімдердің тұрғындармен есеп беру кездесулерін өткізуі туралы» № 615 Жарлығына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:      

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылы есеп беру кездесулерінде  тұрғындармен айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар (бұдан әрі – Іс - шаралар) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

3. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы:

1) Іс - шаралардың орындалу барысы туралы Екібастұз қаласының тұрғындарын тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар  етіп отырсын;

2) Іс - шаралардың орындалуын тоқсан сайын қала әкімдігінің отырыстарында қарауды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарларына,  аппарат басшысына және кеңесшісіне жүктелсін.

 

 

 Екібастұз қаласының

              әкімі                                                                                         А. Вербняк