kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысы ҰОС ардагері Талғат Ахметовті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгін, 24 ақпанда,  Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк Ұлы Отан соғысының ардагері Талғат Ахметовті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Аймақ басшысы мерейтой иесіне құттықтау хат, ақшалай сыйақы, тартулық жиынтығын және гүл шоғын табыс етіп, мықты денсаулық, амандық және бар жақсылықты тіледі.

Құрметті майдангер Александр Федоровичке көрсетілген құрмет пен қамқорлық үшін ризашылығын білдірді.

Талғат Бапайұлы 1925 жылдың 24 ақпанында Баянауыл ауданында дүниеге келген, Майқайың кентінде қазақ орта мектебінің 8 класын аяқтаған. 1943 жылдың қаңтарында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Шығыс шекарадағы 76-мотоатқыш полкінің 17-армиясының 36-дивизиясы  құрамында қызмет етіп, 1945 жылдың тамызынан 1948 жылдың маусымына дейін Маньчжурияда жалғастырды.

Соғыстан кейін 1948 жылдан бастап туған еліне оралып, еңбек етті. 1954 жылы Екібастұз қаласына көшіп келіп, диспетчер, аға диспетчер, Павлодар АвтоТрест № 3 автобазасын пайдалану бөлімі бастығының міндетін атқарушы, 1956 жылдың қазанынан «ИртышУглестрой» тресті СУ-1 тауартанушы, 1964 жылға дейін өндіріс меңгерушісінің міндетін атқарушы, «ИртышУглестрой» Тресті СУ-1 техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. Тың игеру кезінде аймағымыздың ауылшаруашылық жұмыстарына қатысқан. 1985 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Ұлы Отан соғысына жанқиярлық ерлікпен қатысқан Т. Ахметов «Отан соғысы» ордені, «Жапонияны жеңгенi үшiн»,  «Кеңес одағының маршалы Г.К.Жуков атындағы» медальдарымен және Екібастұз өңірінің жауапты жерлерінде абыройлы қызмет атқарғаны үшін «Еңбек ардагері» мен «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Екібастұз қаласына 50 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

         Қазіргі таңда Роза апаймен қызын қияға, ұлын ұяға қондырып, немере- шөбере сүйіп отыр.

 



Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза