Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу

Көлікке салықты онлайн төлеу

  1. Порталда авторлану және «Онлайн төлеу» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтінімде көлік түрін, салық органын (автокөлікті тіркеу орны бойынша) және салық кезеңін көрсету, сондай-ақ автокөлік VIN-кодын, салық сомасын көрсету (төлем сомасы дербес  есептеледі).
  3. Ұсынылған онлайн төлемдердің бірін таңдау (төменнен қараңыз).
  4. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын растау және төлемді жүргізуді жалғастыру.
  5. Төлем картасының мәліметтерін енгізу: нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код (бірінші тәсілді таңдауда).
  6. Жеке кабинетте ( «Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында) төлем туралы чекпен танысу.
  7. Қажеттілігі болған жағдайда сіз басып шығарылған чекті салық төлемін растау үшін Салық комитетінде көрсете аласыз.

 

Онлайн төлем тәсілдері

Сізге қолайлығына қарай төлемді ұсынылған нұсқалардың бірімен жүргізе аласыз.

  1. Барлық банктердің VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus төлем карталарының көмегімен, American Express тек  «Казкоммерцбанк» АҚ клиенттері үшін ғана, Altyn «Қазақстан Халық банкі» АҚ клиенттері үшін ғана
  2. Банктердің есеп-айырысу-касса бөлімшелерінде және «Еуразиялық банк» АҚ және «Альянс Банк» АҚ интернет-банкингінде төлеу.
  3. eGov.kz мобильдік қосымшасы арқылы төлеу.
  4. «Сбербанк»АҚ ЕБ жеке шотының көмегімен төлеу. ҚР ҰКО ЭЦҚ және жеке шоттың болуы қажет.

Ескерту: Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.