kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

15ж.16.02. бастап 15ж.23.02. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

  1. 14 сағ. 28 мин. дүкенге шыққан уақытта пәтерінің кілтін жоғалтып алғандығы туралы хабарлаған зейнеткерден қоңырау түсті. Пәтерде мүгедек зейнеткер бар. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   
  2. 09 сағат 15 мин. пәтерінің кілтін жоғалтып алғандығы және пәтерінде бөгде адамдар бар деп күдіктенетінін хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерінің қатысуымен арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Пәтерде ешкім болмады.  
  3. 10 сағ. 37 мин. жалғыз тұратын мүгедек зейнеткердің халін білуге келгендігі және зейнеткер есік қағысына, телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, терезе торының шыбықтарын жылжытып, терезе арқылы пәтерге кірді, зейнеткерді жуынатын бөлменің еденіңде жатқан күйінде тапты, оны көтеріп диванға жатқызды және «жедел жәрдем» қызметкерлерін шақырды.     
  4. 01 сағ. 45 мин. әкесі гаражға кіріп алып, есігін ашпайтындығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Ер адам орындықта отырды.     

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3-бөлімшенің басшысы                                              Оспанов М.М.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза