Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Кір көтеру спорты мен қол күресінен қалалық ашық чемпионат өткізілді

22 ақпанда №1 БЖСМ-ның спорт залында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған кір көтеру спорты мен қол күресінен қалалық ашық чемпионат өткізілді.

Жарысқа қалалық қонақтар және барлық қатысқысы келетін тұрғындар қатысты. Екі сайыс күресі жүйесі бойынша ең мықты қол күрестірушілер бақтарын сынады. Алдымен сол қол, кейін оң қолмен қол күресті. Ерлер абсолютті біріншілікте және алты салмақ дәрежесі бойынша жарысты.

Ақтық жарыста өз салмақ дәрежелері бойынша Голубев Александр, Камиев Ерлан, Истамбеков Азамат және Похилько Сергей жеңімпаз атанды. Екінші орынды Журавлев Юрий, Төлеуов Әділ, Ақтаев Қуаныш, Умержанов Нұрлан және Беккер Андрей жеңіп алды. Үшінші орын Мұхамедрахим Мейіржан, Омарбеков Құмарбек, Баденов Әли, Гришаков Игорь,және Дәулетов Ермектің еншісіне түсті.

 Абсолютті дәрежеде облыстың бірнеше дүркін чемпионы Владимир Скрипковский алтын медальді иемденді. Күміс медаль облыс чемпионы Сергей Похилькоға және қола медаль облыс чемпионы Александр Голубевқа бұйырды.

Кір көтеру спортынан қатысушылар алты салмақ дәрежесінен жарысты. Жарыс 24 және 32 кір салмағында бір қолмен көтеру бағдарламасы бойынша өтті.

 Жарыстың қортындысы бойынша салмақ дәрежесінен жүлделі орын иеленгендер:

1-орын – Дәулет Дулат, Темірғалиев Әсет, Нұғманов Нұрлан, Дәулетов Ермек.

2-орын - Ластовский Иван, Асанов Асхат, Нұғманов Ерғанат, Журавлев Юрий.

3-орын - Төлеуов Әділ, Истамбеков Азамат, Умержанов Нұрлан, Мейрамғалиев Тілек.