Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда «Масленица» мерекесі өтті

Масленица – пұтқа табыну  мәдениетінен мұра болып қалған ежелгі славян мерекесі. Бұл күні халық күннің жылынуына орай қуанып, қыс айын шығарып салу үшін көңіл көтереді және ашық күннің символы - құймақты жейді.

«Өнер» қалалық мәдениет орталығы мен «Достық үйі» «Братство»  славян және  «Світанок» украин этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары бірлесе отырып қала тұрғындары үшін 2015 жылдың 22 ақпанында Масленица күніне арналған   көңіл көтеру бағдарламасын ұйымдастырды.

Мерекелік бағдарламада балалар мен ересектер  ертегі  кейіпкерлерімен би билеп, ұлттық ойындарға белсенділікпен қатысты.

Мәдени шара соңында қысты шығарып салу белгісі ретінде қарақшы өрттелді.