Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Шіркін, life» жобасы «нұрлы ауылда» тағы да достарын жинады

 «Шіркін, life» жобасы  бұл  реалити-шоу, Қазақстан жерінде орналасқан әр ұлттың мәдениеті мен тарихын тереңірек білуге, балалар мен ұстаздар, ата-аналар және  этно-мәдени орталықтарының  өкілдерінің бірлесуі. Үшжылдық тарихы бар жоба әр түрлі форматтарды жүзеге асырады. Бірінші жылы Достық үйі этно-бірлестіктерінің өкілдері оқушылар үшін колданбалы шығармашылық шебер-кластары ұйымдастырылды. Екінші жылы қала мектептерінің  түрлі ұлт  балалары қазақ халқының дәстүрлерін үйренуге ауылға барды. Оқушылар өз қолдарымен сүт тартуды, сиыр саууды, киіз үй құруды, кұрт жасауды және бауырсақ пісіруді үйренді. Үшінші жылы «Қайнар» білім беру-демалыс орталығының ауласында этникалық «Нұрлы ауыл» өз жұмыстарын көрсетті. Екібастұз аймағының балалары корейлік шатырда, немістің фахверкісінде, украинның табында және армяндардың мұнарасында қонақта болды. Балалар мен үлкендер ән салып, ойнап, дәм татып, ортақ достық тілінде сөйлесті.

Қазақстан халқы  Ассамблеясының 20 жылдығына орай 2015 жылдың 20 ақпан күні «Қайнар» кешенінде «Шіркін, life» жобасы «нұрлы ауылда» тағы да достарын жинайды.

«Нұрлы ауыл» жұмысына 23 қалалық мектептері, ата-аналар, ұстаздар, украиндік «Світанок», кәрейлік «Чосон», мұсылман әйелдер лигасы, татар-башқұрттық «Шатлық», славяндық «Братство», «Әзірбайжан», «Вайнах» шешен-ингуш, неміс «Возрождение», поляк «Полония» этномәдени бірлестіктері қатысты.

Ашылу салтанаты мәжіліс залында өтті.

«Қайнар» білім беру кешенінің екі қабатты ғимаратында орналасқан «Нұрлы ауылда» мерекенің негізгі бөлімі өткізілді. Қонақтардың барлығы украин әндерінің сайыстарына катысып, кәрей халқының асынан дәм татты. Қазақ, татар-башқұрт және славян орталықтарының тұрмыстарына кірігіп таныса алды және де неміс, әзірбайжан, шешен, поляк халықтарының салт-дәстүрлерінен мағлұмат алды.    

Оқушыларға  ұлттық ойындарға, сайыстарға қатысуға, ұлттық  қол өнерді  және қазақ халқының қолданбалы мәдениетін үренуге мүмкіндік берілді. Олар этно-үйлерді, ауылдарды бағыт  парағы бойынша аралап шықты.

Мерекені бірінші қабаттың көрермен залында «достық шеңбері» аяқтады.

«Шіркін, life» Қазақстанда теңдесі жоқ жоба тек әр ұлттың басын бір шаңырақ астына жинап қоймайды, сонымен қатар халықтар достығын нығайтуға, өсіп келе жатқан болашақ жастарға үлгі көрсетуге септігін тигізеді.