Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларға бағаны тұрақтандыру жөніндегі ақпарат

Екібастұз қаласында әлеуметтік–маңызды азық-түлік тауарларға негізсіз баға көтеруге жол бермеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Аталған топ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы «Әлеуметтік маңызды тауарлардың тізбесін бекіту туралы» № 145 қаулысына сәйкес тұрақты негізде баға мониторингісін жүргізеді. Негізсіз баға көтерген жағдайда жедел әрекет ету үшін 3 «ыстық желі» телефондарының жұмысы қамтамасыз етілді.

         Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларға бағаны тұрақтандыру мақсатында Өңірлік тұрақтандыру қорынан өнімдерді шығару бойынша жұмыс жүргізілуде.

         Екібастұз өңірінде 2015 жылы «Юсупова» ЖК, «Жакупеков» ЖК («Екібастұз қаласы әкімдігінің Муниципалдық базары» ЖШС), «Солтангожина» ЖК («Нұр» әлеуметтік сауда павильоны), «Каппасова» ЖК («Сенім» сауда үйі), «Какимжанова» ЖК («Алтын Дән» дүкені), «Маралбаев» ЖК (Солнечный к. «Алия» дүкені), «Ескермес» ЖК (Солнечный к. «Назгүл» дүкені) жеке кәсіпкерлерімен сатып алу жүргізілді, сондай-ақ орамжапырақ – 3,2 тонна, пияз – 1,1 тонна, картоп – 3,2 тонна, сәбіз – 36,8 кг, қызылша – 50,3 кг, күріш – 2,8 тонна, қарақұмық жармасы – 1 тонна, өсімдік майы – 435 литр.

Аталған өнім жасалған меморандумға сәйкес 10 % сауда үстемесімен сатылуда.

 

 «Екібастұз қаласы әкімдігінің

      кәсіпкерлік бөлімі» ММ

          басшысының м.а.                                           Ж. Жанымхан