Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Казахтелеком» АҚ қызметкерлерімен кездесу

2015 жылдың 19 ақпан күні конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен Казахтелеком қызметкерлерімен “Мемлекет саясатының дін шеңберіндегі негізгі ұстанымдары” тақырыбында кездесу өтті.  Кездесудің негізгі мақсаты – Екібастұз өңірінде діни сауаттылықты көтеру, сонымен қатар діни экстремизм мен жалған дәстүрлі діни қызметтердің алдын алу. Кездесуге ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Екібастұз қаласы Иверлі-Серафимдік соборының өкілі Сергий Осетров  қатысып,  христиан дініндегі діни ағымдардан келетін қауіп туралы баяндады. Сонымен қатар, орталықтың директоры Нұрлан Туребаев және инспекторлар Кажияхмет Рахимбердин мен Ботагөз Рахымбек орталықтың жасап жатқан жұмысы жайлы және де заң төңірегінен сөз қозғады. Қызметкерлерге арнап “Бюро расследований. Операция А.” фильмі көрсетілді. Кездесу соңында қатысушылар қойған сұрақтарға жауаптар берілді.

Барлығына буклеттер таратылды.