kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу

Онлайн төлеу

  1. Порталда авторлану  және «Онлайн төлеу» батырмасы бойынша өту.
  2. Айыппұлдарды  іздеудің ұсынылған тәсілдерінен неғұрлым қолайлысын таңдау: 
  • авто нөмірі (жаңа үлгідегі мемлекеттік нөмірлері бар автокөліктер үшін 000ZZZ00 пішімін пайдалану) және техпаспорт нөмірі бойынша;
  • жүргізуші куәлігінің нөмірі бойынша; 
  • хаттама бойынша (түрін, сериясын және бланк нөмірін, сондай-ақ бұзылған күнін көрсету).
  1. Айыппұл болған жағдайда бұзушылық атауымен және тіркеу күнімен танысу. «Төлеу» батырмасы бойынша өту. 
  2. Бұзушының ЖСН көрсету және айыппұл туралы ақпаратпен танысу. Айыппұл сомасы соңғы жолда көрсетілген. «Төлеу» батырмасын басу.
  3. Ұсынылған таңдау тәсілдерінің бірін таңдау (төменнен қараңыз).
  4. Төлем картасының/жеке шоттың мәліметтерін енгізу: нөмірі, иесінің ТАӘ, қолданылу мерзімі және CV-код (төлеудің бірінші тәсілін таңдауда).
  5. Жеке кабинетте («Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында) төлем туралы чекпен танысу.

Онлайн төлем тәсілдері

Сізге қолайлылығына қарай төлемді ұсынылған нұсқалардың бірімен жүзеге асыра аласыз.

  1. Төлем карталарымен төлеу VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus, American Express («Казкоммерцбанк» АҚ клиенттері үшін ғана), Altyn («Қазақстан Халық банкі» АҚ клиенттері үшін ғана).
  2. Банк бөлімшелерінің есеп айырысу-касса бөлімшелерінде және  «Еуразиялық банк» АҚ, «Альянс Банк» АҚ интернет-банкингінде төлеу.
  3. eGov.kz, MyPaykz және HandyPay мобильдік қосымшалары арқылы төлеу.
  4. «Сбербанк» АҚ ЕБ жеке шотының көмегімен төлеу. ҚР ҰКО ЭЦҚ болуы қажет.

Ескерту: Интернет-транзакцияларын жүргізу қауіпсіздігі мақсатында кейбір банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгілейді. Егер онлайн төлемді жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегі менеджеріңізге жүгіне аласыз. 1 күн ішінде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.

Фото-бейне тіркеу жүйелерімен тіркелген бұзушылық туралы ақпаратты беру заңбұзушылық тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қызмет көрсету нәтижесі

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды төлеу туралы электрондық чек.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза