Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Айғаным: жол жүру ақысы

Құрметті Александр Федорович! Мен қаладағы медициналық колледждің студентімін. Жақында бір топ студент "Қоғамдық полиция көмекшісі" куәлігін алдық. Енді сабақтан тыс уақытта полиция қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алуға, тәртіпті сақтаймыз. Мереке күндері учаскелік инспектормен бірге көшені аралап, тәртіп сақтау шараларына қатысамыз. Біз аптасына 6 рет таңғы сағат 8-00-ден кешкі сағат 16.00-ге дейін сабақ оқимыз. Соған қарамастан қоғамдық жұмыстан қалмауға тырысамыз. Мәселен, маған сабаққа автобуспен барып-қатуға күніне 110 теңге ақша жұмсалады. Үзілісте өз есебімізден асханадан тамақ ішеміз. Сонымен бірге полициядағы шараларға қатысқанда, автобусқа өз ақшамызды төлейміз. Мен өз басым қоғамдық жұмыстардан ешқашан жалтарып көрген емеспін. Әйтсе де колледжге баратын автобус шығыны мен түскі асымды ата-анам көтеретіндіктен оларға қоғамдық полиция қызметі үшін де ақша төлеңіз деп айтуға аузым бармайды. Павлодар қаласында "Қоғамдық полиция көмекшілеріне жол ақысы тегін, яғни Ішкі істер органы проездной береді екен. Екібастұз қалалық Ішкі істер басқармасының өкілі бұл мәселе қарастырылып жатқанын айтты. Өткен жылы да осы тектес жауап естігенбіз. Шынымен бұл мәселе шешіле ме? Осы сауалымызға нақты жауап беруіңізді өтінемін. 

Құрметті Айғаным!

 

            Сіздің, қалалық қоғамдық көліктерде полицияға көмек көрсететін студенттік отряд мүшелеріне ақысыз жол жүру құқығын ұсыну мәселесі жөнінде  қала әкімінің ресми сайтына келіп түскен өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

            Осы мәселе бірнеше рет Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы құқықтық бағыттағы қоғамдық құрылымдардың қызметін ұйымдастыру жөніндегі Штаб отырыстарында қарастырылған. Бірақ, қалаішілік жол бағыттарында  жолаушылар  мен багаждың тұрақты тасымалын жүзеге асыратын автокөлік  кәсіпорындары азаматтардың жоғарыда аталған санаттарына жеңілдікпен (тегін) жол жүруді жүзеге асырудан бас тартып отыр.

            Бұл мәселе мынадай жағдайға байланысты, мысалы, «Екібастұз медициналық колледжінде» 20 полицияның қоғамдық көмекшілері тіркелген. Бекітілген кестеге сәйкес «Екібастұз медициналық колледжі» бес студенттен айына бір рет кезекшілікке шығады. Осыған орай, Сіз,  Айғаным кезекшілікке айына бір рет шығасыз, осы орайда Сізге қоғамдық көлікте бір ай ақысыз жүру құқығын беру орынсыз болып отыр.

            Сонымен бірге, қаланың ІІБ-да  құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ашуға ықпал ететін, қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеудің басқа да түрлері бар, ол мадақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен мадақтау, құнды сыйлықтар және ақшалай сыйлықтар беру.

            Полицияға  қандай да бір пайда көру үшін көмек көрсету полицияның қоғамдық көмекшісінің мақсаты болмауы тиіс, өйткені бұл ерікті негізде жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының әрбір азаматының қоғамдық борышы болып табылады.

            Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ

                басшысы                                                                           Қ. Қасенов