kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Формалы нан бағасын тұрақтандыруға қатысты шаралар туралы меморандум

Ағымдағы жылы Павлодар облысының әкімдігі мен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ арасында бірінші сұрыпты ұннан жасалған формалы нан бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар туралы меморандум жасалды. 1 сұрыпты формалы нанды жіберу бағасы осы жылдың бірінші тоқсанында 50 теңгені, екінші тоқсанда 51 теңгені және үшінші тоқсанда 52 теңгені құрайтын болады. Бөлшек саудадағы нанның бағасы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 55 теңгені, екінші тоқсанда 56 теңгені және үшінші тоқсанда 57 теңгені құрайды.

Соңғы үш жыл ішінде нан-тоқаш өнімдеріне арналған баға өзгерген емес. Ал, осы уақыт аралығында энергия тасымалы мен шикізат бағасы өскен болатын.

Сонымен қатар, нан бағасының өзгеруі бидай бағасының өсуіне және ұн шығарушыларды субсидиялау көлемінің азаюына байланысты.

Осылайша, нан бағасын өсіру наубайханалардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жасалған мәжбүрлі шара болып отыр.

Оған қоса, Екібастұзда нанды өндірушілер бағасымен сататын сауда нүктелері де бар. Сөйтіп, муниципалдық базарда бірінші сұрыпты нанды сату бағасы 49 теңгені, басқа «у Адама»,  «Алтын Дән»,  «Сенім», «Венера», «Сладкий рай», «Сластена»,  «Нұр» дүкендерінде орналасқан сегіз әлеуметтік сауда нүктесінде осы нан ең аз үстеме баға – 52 теңгеден сатылуда.                      

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза