kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Дзюдодан ашық біріншілік өткізілді

15 ақпанда үлкен әмбебап залында Ұлы жеңістің 70 жылдығына және Ауғанстан әскери Күші күніне арналған дзюдо күресінен «Жасыбай» БЖСМ-ның ашық біріншілігі өткізілді.

Жарыстың ашылуы бір минут үнсіздікпен басталды. Салтанатты шараға қатысушыларды Ұлы Отан соғысының ардагері  Талғат  Ахметов құттықтады,

«Ауғаныстан ардагерлерінің екібастұздық Одағы» қоғамдық бірлестіктің төрағасы Байжан Жайлауов әскер-интернациолистер атынан сөз сөйледі және турнирді дәстүрге айналдырып, Ауғаныстанда ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Зейнолла Шарипбаевтың естелігіне арнауға ұсыныс жасады.

Павлодар облысы аймағынан, спорт мектептерінен 120 қатысушы болды.

«Жасыбай» БЖСМ тәрбиеленушілері оң нәтиже көрсетті.

Үш салмақ дәрежесінде медальға күресте қыздар жан салды.

48 кг. салмақ дәрежесінде № 18 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сейтказина Диана жеңіске қол жеткізді.

44 кг. салмақ дәрежесінде «қола» жүлдеге № 2 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сейсенбай Маржан ие болды.

Жасөспірімдер арасында «Күміс» жүлдені «Зерде» мектебінің оқушысы Камиль Берушев, № 26 мектебінің оқушысы Мауенов Ерназар, № 22 мектебінің оқушысы  Мирас Ишимов иеленді.

«Қола» жүлде № 18 мектебінің оқушысы Кажкен Абдулланың, № 35 мектебінің оқушылары Бакишев Айдардың, Селимгереев Мухамматтың, Шаухатов Ахаттың, № 26 мектебінің оқушысы Шакиров Дастанның еншісіне тиді.

Әкімшілік және «Жасыбай» БЖСМ-ның дзюдо бөлімшесі жарысқа бас демеушілік еткен полковник Сергей Дручининге алғыс білдіреді.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза