kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Сауда жұмыскерлерімен кездесу

2015 жылдың 16 ақпан күні Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен Екібастұз қаласындағы сауда үйлері мен нарықтардың өкілдерімен  “Мемлекет саясатының дін шеңберіндегі негізгі ұстанымдары” тақырыбында кездесу өтті.  Кездесудің негізгі мақсаты – Екібастұз өңірінде діни сауаттылықты көтеру, сонымен қатар діни экстремизм мен жалған дәстүрлі діни қызметтердің алдын алу. Кездесуге ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері - орталықтың теолог маманы Төлеген Құсайын, директоры Нұрлан Туребаев,  психолог маманы Любовь Козаева, орталықтың инспекторлары Кажияхмет Рахимбердин мен Ботагөз Рахимбек қатысты. Төлеген Мұратұлы ислам дініндегі діни ағымдардан келетін қаупі туралы баяндады. Сонымен қатар орталықтың жұмысы жайлы және де Заң төңірегінен сөз қозғалды. Қызметкерлерге арнап “Бюро расследований. Операция А” фильмі көрсетілді. Кездесу соңында қатысушылар қойған сұрақтарға жауаптар берілді.

Адамды қамту саны – 20 адам. 60 дана бланк өнімдері таратылды.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза