Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Оқушыларға білім беру сапасын арттыру бойынша ақпараттық білім беру кеңістігін құру

2015 жылдың 10 ақпанында ақпараттық-коммуникативтік технологияны енгізу мақсатымен қаланың № 22  және  № 21 ресурстық тірек мектептерінде «Оқушыларға білім беру сапасын арттыру бойынша ақпараттық білім беру кеңістігін құру» атты облыстық  семинар өткізілді. Семинар жұмысында аудандық білім  бөлімдерінің мамандары, әдіскерлері, тірек мектептерінің педагогтары  қатысты.

Қатысушыларға мультимедиялы  технологияны қолдана отырып, шеберлік класы  көрсетілді, электрондық көрме,  № 21 және  № 22  мектептерінің сертификатталған  мұғалімдерімен   коучинг ұйымдастырылды. 

Жұмыс барысында шағын жиынтықты мектептерде білім беру сапасын арттыруда инновациялық  көзқарас, шағын жиынтықты мектептердің және ресурстық орталықтардың  қызметін жетілдіру бойынша өңірлік тәжірибе,  шағын жиынтықты мектептердің  аралас сыныптарында пәндерді оқыту және  білім беруде  педагогикалық технологияны тиімді пайдалану,   шағын жиынтықты мектептер жағдайында  жұмыс істейтін педагогтардың біліктілігін арттыру және бұл мектеп  мұғалімдерін оқу-әдістемелік  материалдармен қамтамасыз ету туралы өзекті мәселелер қаралды.   

Семинар  қорытындысы бойынша  әдістемелік ұсыныстар берілді.