Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Педагогикалық қызметкерлердің аналитикалық мәдениетін жетілдіру

Үнемі әрекеттегі семинар аясында  облыстық әдістемелік кабинеттер меңгерушілеріне арналған «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңалау жағдайында әдістемелік қызметке жаңа амалдар» тақырыбында Екібастұз қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің жұмыс жүйесін көрсету  бойынша облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Оған 17 аудандық және Инновациялық орталықтың әдіскерлері қатысты.  Семинарды Инновациялық орталық директоры Сәуле Слямова құттықтау сөзбен ашты.

 Әдістемелік кабинет меңгерушісі Айнұр Кокурова әдіскерлермен бірлесе отырып, Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің әдістемелік қызметінің жұмыс тәжірибесін ұсынды.  «Қайнар» оқу-сауықтыру кешенінің директоры Фарзия Клепица қосымша білім беру жағдайында эстетикалық тәрбие бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұдан соң семинар қатысушылары Екібастұз қаласының білім беру мекемелерінде ашық сабақтарға қатысып, талдады: № 35, 22  мектеп-гимназиясы, № 9 жалпы білім беру мектебі,  № 25 қазақ қыздар гимназиясы. Түстен кейін семинар қатысушылары қалалық музыка мектебіне шақырылды. Мектеп директоры Серік Сыздықов мектептің құрылу тарихы жайлы экскурсия өткізді. Педагогикалық және басшы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және аналитикалық мәдениетін арттыру бойынша –  Екібастұз қаласының № 21 мектеп директоры Дәмелі Қошқарбаева, № 6 мектеп-лицейі директорының орынбасары Галина Ли, №7 мектеп-гимназиясының орыс тілі мұғалімі Гүлнар Қазкенова шеберлік сағаттарын өткізді. 

         Семинар нәтижесінде Инновациялық орталық директоры С. Слямова және аудандық-қалалық әдістемелік кабинеттер меңгерушілері Екібастұз қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қызметі дұрыс жолға қойылғанын айтып, ризашылықтарын білдірді.