Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі.
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы  желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензияны беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) және өтініш беруші – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама;
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде орталыққа:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;
лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде орталыққа:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі – салыстырып тексеру үшін;
лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
лицензияның телнұсқасын берген кезде орталыққа:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 7 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;
лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы; дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін; лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында орталықтың қызметкері өзі алады;            лицензия алған кезде порталға:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі);
төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде порталға:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі);
төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;
санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:
заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі);
осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді;
құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерді, лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында қызмет беруші өзі алады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Егер:
Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынса;
қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
қызмет алушы біліктілік талаптарына сай келмесе;
өтініш берушіге қатысты оның қызметтің жекелеген түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес қолхат береді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).