Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.02.02. бастап 15ж.09.02. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 10 сағ. 08 мин. құлпы желініп қалғандықтан, есігін аша алмай тұрғандығы, ал пәтерде бес жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті, құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   
  2. 20 сағ. 10 мин. пәтерге кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде зейнеткер жастағы әйел бар екендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейді. Күндіз жаман сезініп тұрғандығы туралы айтқан. Зейнеткер жоғары қан қысымымен ауырады. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен терезеден торды шешіп алып пәтерге кірді, әжей бөлмелердің бірінде еденде жатты, есі бар күйінде. Жедел жәрдем бригадасын шақырды және әжейді дәрігерлерге тапсырды. 
  3. 02 сағ. 45 мин. көп қабатты үйдің терезесінен подъездің күнқағарына адам құлағандығы туралы хабарлаған жедел жәрдем кезекшісінен қоңырау түсті. Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендігі подъездің күнқағарына түсіре алмайды, құтқарушылардың көмегі және арнайы жабдық керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, зардап шеккенді зембілге орнықтырды, подъезд күнқағарынан жерге түсірді және емдеу мекемесіне жатқызу үшін дәрігерлерге тапсырды.
  4. 23 сағ. 15 мин. он алты адам, оның ішінде үш бала бар, ол және тағы бір автокөлік Нива-Шевроле Екібастұз-Жанажол автожолының участігінде қар күртігінде малтығып қалғандығы туралы хабарлаған «Газель» (жолаушылар) автокөлігінің жүргізушісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, адамдарды Жанажол ауылына көшірді.  

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

1-бөлімшенің басшысы                                                С.Ю. Смирнов