Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
«Электрондық үкімет» Шоу-рум арқылы кез келген келуші «электрондық қызметтер» туралы ақпаратты қағаз тасымалында, сондай-ақ электрондық үкімет порталында көрнекі түрде ала алады.
ХҚКО қызметкерінің мақсаты – «электрондық үкімет» қызметтері мен ЭЦҚ мүмкіндіктері, сондай-ақ порталда тіркелу артықшылығы туралы айтып беру.
«Электрондық үкімет» бұрышында Шоу-рум арқылы кеңес беруден басқа келушілер eGov маманынан ЭҮП қызметтері бойынша кеңес алып, баланы бала-бақшаға кезекке тіркеуге қоятын болады, электрондық өтінішті мемлекеттік органға жіберіп, сондай-ақ тұрғын үй кезегін қарай алатын болады.
«Электрондық үкімет» көшпелі бұрышы әкімдік ғимаратында айына 3 рет қызмет көрсетеді.