Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Мемлекеттiк қызметшiлерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы: «Мемлекеттiк қызметшiлерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді тестілеу» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті Агенттік және оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы берген сәттен бастап – осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхатта көрсетілген күні және уақытта;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттарды тапсыру үшін күтуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 5 минут;
қызмет көрсетуге рұқсат етілген ең ұзақ уақыт – 30 минут.
Осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес тестілеу бағдарламаларына байланысты тестілеудің ең ұзақ уақыты 2 сағат 20 минутты құрайды.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі – осы стандартқа
4-қосымшаға сәйкес тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған және мөрмен расталған қағаз жеткізгіштегі белгіленген үлгідегі сертификат (бұдан әрі – тестілеу нәтижесі), не осы стандартқа 5-қосымшағасәйкес нысан бойынша шекті мәннен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама.
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыда жеке басын куәландыратын және жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) қамтылған құжаты болуы қажет.
Құжаттардың қабылданғанын растау «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылған осы стандартқа2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу күні, уақыты және одан өту орны көрсетілген қолхат болып табылады.