Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

«Жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО – ға қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – бір айдан кешіктірмей;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқудан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Құжатты қабылдау және беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек күту» тәртібімен жүзеге асырылады. Электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы брондауға болады.
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері көрсетілген өтініш;
құжаттың нөмірі мен тіркеу күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспа басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы (салыстыру үшін);
қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің (атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат;
жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателері бар (болған жағдайда) білім туралы құжаттың түпнұсқасы.
ХҚО-ға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО басшысының атына білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері көрсетілген өтініш;
құжаттың нөмірі мен тіркелген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің түпнұсқасы (салыстыру үшін);
қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының тегінің (атының, әкесінің атының) өзгергенін растайтын құжат;
жарамсыз немесе алдыңғы жылдары толтырған кезде қателері бар (болған жағдайда) білім туралы құжаттың түпнұсқасы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көрсетілген құжаттарды ХҚО-ға тапсырған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:
сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік қызмет ХҚО арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.