kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін ақылы қызметтер тізімдемесі

Жалпы ақпарат

 

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 199-бабына сәйкес, Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiндегi мүлiктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы, 1-тармағына сәйкес, Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Осыған орай, қазіргі таңда Ереженің 14-тармағы, 4, 16, 18, 19) тармақшаларына сәйкес «ХҚКО» РМК ақылы қызметтің 4 түрін көрсетеді:

Атап айтқанда,:

-         Көшіру-көбейту қызметтері мен сканерлеу қызметтерін көрсету бойынша қызмет;

-         Мамандандырылған  «ХҚКО» автоматтандырылған электрондық алаңында автокөлік жүргізу бойынша емтихан алды даярлық жүргізу бойынша қызметтер көрсету;

-         Дайын құжатты соңынан бере отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру бойынша қызметтер;

-         Ақпараттық қызметтер.

Осылайша, «ХҚКО» РМК заңды түрде кәсіпорын Ережесінде қарастырылған ақылы қызметтерді көрсетеді.

Сізді қызықтырған сұрақтар бойынша ақпараттарды аймақтық орналасқан ХҚКО-ға жүгіну арқылы алуға болады.

«ХҚКО» РМК-да ақылы қызметтерді енгізу ісімен Сервистік жетілдіру бөлімі айналысады.

Жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетілетін қызметтер атауы

  1. Жеке және заңды тұлғаларға дайын құжатты соңынан бере отырып, құжаттар топтамасын қалыптастыру бойынша қызметтер;
  2. Көшіру-көбейту қызметтері мен сканерлеу қызметтерін көрсету бойынша қызмет;
  3. Мамандандырылған «ХҚКО» автоматтандырылған электрондық алаңында автокөлік жүргізу бойынша емтихан алды даярлық жүргізу бойынша қызметтер көрсету;
  4. Жеке және заңды тұлғаларға арналған ақпараттық қызметтер.

 

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза