kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

15ж.26.01. бастап 15ж.02.02. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 17 сағ. 27 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, пәтерде мүгедек баласы бары жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен үйдің шатырынан тоғызыншы қабаттың балконына түсті, балкон есігі арқылы пәтерге кіріп, сыртқы есікті ішінен ашты.

2. 11 сағат 18 мин. сыртқы есіктің құлпы желініп қалғандықтан, пәтеріне кіре алмай тұрғандығы туралы жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   

3. 14 сағ. 25 мин. көршісі жуылған кірді балконға жаю үшін үй киімімен балконға шыққандығы, ал оның үш жасар немересі артынан балкон есігін ысырмаға жауып өзі пәтер ішінде қалғандығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен бесінші қабаттың балконынан төртінші қабаттың балконына түсті, балкон есігін ашып әйелді пәтерге кіргізді.     

4. 10 сағ. 57 мин. төртінші қабаттың балконынан әйелдің секіргісі келіп тұрғандығы туралы хабарлаған учаскелік инспектордан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, балконнан секіргісі келіп тұрған әйелмен сөйлесіп, оны сыртқы есікке жақындауға көндірді. Әйел тұрған қабатқа көтерілді және әйелмен сөйлесіп тұрған кезде арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. «Жедел жәрдемді» шақырды. Дәрігерлерді күтіп отырған уақытта әйел ас үйге жүгіріп барып, пышақты алып өзін жаралағысы келді. Құтқарушы әйелден пышақты жұлып алды, медициналық қызметкерлер келгеннен кейін, әйел олардың қамқорлығына тапсырылды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ІІМ ТЖК Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызмет басшысы                                              Куценко Г.А.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза