Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Астаналық мамандандырылған ХҚКО-да «шоферлік комиссия» іске қосылды

Енді астаналық автокөлік иелері жүргізуші куәлігін алуға қажетті «083У» анықтамасын мамандандырылған ХҚКО-да ала алатын болады. Ол жерде қажетті жабдықтары бар медициналық кабинет жұмыс жасап жатыр. Байқауды терапевт, хирург, офтальмолог, отоларинголог және невропатолог жүргізеді. Анықтама қалалық емханаларда сияқты коммерциялық негізде беріледі.

«ХҚКО» РМК Астана қаласы бойынша филиалының директоры Руслан Ақтаев халыққа қызмет көрсету орталықтарының азаматтарға қолайлы болу үшін барлық жағдайлар жасап жатқандығын атап өтеді. «Бүгінде мамандандырылған ХҚКО-да толық құжаттар топтамасы бар болған жағдайда, небәрі 2 сағат ішінде ғанажүргізуші куәлігін алуға болады, құжаттардың ішінде психикалық және наркологиялық диспансерлердің анықтамалары, сондай-ақ «083у» анықтамасы да бар. Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жүргізуші куәлігін алғысы келгендер үшін наркологтар мен психиатор дәрігерлерге бару қажеттілігі жойылды, ал ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап – оларға мүлде медициналық мекемеге бармай ақ қоюына болады, себебі енді барлық медициналық анықтамаларды бір жерде алуға болады»,- дейді ол.

Бүгінде республикада Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Талдықорған, Павлодар және Петропавл қалаларында 9 мамандандырылған ХҚКО, сондай ақ Қызылорда қаласындағы мамандандырылған ХҚКО пилоттық режимде жұмыс жасап жатқандығын атап өтеміз.  Айта кетейік, «шоферлік комиссиялар» Алматы, Тараз, Талдықорған және Петропавл мамандандырылған ХҚКО-ларда жұмыс жасайды.

2015 жылы Қостанай және Ақтөбе қалаларында мамандандырылған ХҚКО-ны іске қосу жоспарланып отыр.