Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ

Бейсембаев Нургабиден Бейсембаевич

Бейсембаев Нургабиден Бейсембаевич, 1967 жылы туған, қазақ. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылында туған. Білімі жоғары, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақстандық мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған, саяси экономика оқытушысы.

Еңбек қызметін 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтының филология және саяси экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Д.А. Қонаев атындағы Қазақстандық мемлекеттік институтында, Павлодар мемлекеттік университетінде, Қазақстандық мемлекеттік әйелдер педагогикалық институтында, Екібастұз инженерлік-техникалық институтында оқытушы болып жұмыс жасаған.

2010 жылдың тамызынан бастап «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және аббаттандыру бас маманы болып тағайындалды.

Екібастұз қаласы әкімі міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 112 өкімімен «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы болып тағайындалды.

Мемлекеттік қызметтегі өтілі 5 жылдан аса.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141200 Павлодар облысы,  Екібастұз қ., М. Жүсіп көш., 27

Электрондық мекенжайы: gu_pred@mail.ru

Ғаламтордағы сайты: pred.gov.kz

Байланыс телефондары: 8 (7187) 340235, 342001, 348147

Азаматтарды жеке қабылдау апта сайын сейсенбі және сәрсенбі сағат  16.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі