Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құрметті екібастұздықтар!

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Екібастұз III кен ошағындағы «Балластный» ұсақталған тас карьерін өнеркәсіптік өңдеу жобасының қоғамдық тыңдауын өткізеді. Қоғамдық тыңдаулар 2015 жылдың 3 наурызында сағат 11:00-де Екібастұз қаласы, Сторожилов көшесі, 14 («ЕЭК» АҚ әкімшілік ғимараты, мәжіліс зал, 2-қабат) мекенжайы бойынша өтеді.

ҚР ҚОҚМ  2007 жылғы 07 мамырдағы «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелерін бекіту туралы» №135-п бұйрығына сәйкес мүдделі қоғамды өз пікірін білдіруге шақырамыз.

Жобаның қағаз түрінде толық нұсқасымен келесі мекенжай бойынша танысуға болады: Екібастұз қаласы, Сторожилов көшесі, 14 («ЕЭК» АҚ әкімшілік ғимараты, күзет бекеті), материалдардың электронды нұсқасымен келесі электронды пошта мекенжайында танысуға, оған қоса ескертпелер мен ұсыныстарды  жіберуге болады: Maxut.Zhakupov@kz.enrc.com

Анықтамалар үшін телефон: 8-71837-5-99-54.