kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге орай еңбек майданының қатысушыларына көмек

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге орай «Екібстұз қаласының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-ның әлеуметтік қызметкерлері «Үміт» Балалар үйі мемлекеттік мекемесінің жанындағы жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге еңбек майданының жалғызбасты қатысушысына көмек көрсетті.

Балалар ҰОС-тың ардагері Александр Степанович Пушкиннің үйіне  қонаққа  барды. Олар қарттың ауласын қардан тазалауға көмектесті, өйткені ол кісінің жасында ондай жұмыстарды істеуге шамасы жоқ, сонымен қатар жанында туыстары да жоқ.

Ардагер көмекшілерді құшақ жая қарсы алды, ол кісіні көмектен бұрын жас буынмен тілдесу мүмкіндігінің туындағаны қатты қуантты. Жастар ардагердің өткен жылдардағы оқиғалары туралы естеліктерін қызыға тыңдады. 



Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза