Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мүліктік табыс

1. Жеке тұлғаның салық салынуға жататын мүліктік табысына:

1) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің  мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

2) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капиталға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға жалға беруден алған табысы;

4) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкердің өзге де активтерді өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс жатады.

           Мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма жеке табыс салығымен Қазақстан Республикасының Кодексінің 158-бабының 1-тармағына сәйкес 10% мөлшерлеме бойынша салынады.

             Жеке тұрғын үйді өткізетін тұлға салған жеке тұрғын үй, сондай-ақ мұра, қайырымдылық көмек түрінде алынған, мүлік өткізілген жағдайларда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүліктің меншік құқығы туындаған күнгі нарықтық құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін табыс болып табылады.

            Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай мүлік өткізілген салықтық кезеңі ішіндегі жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.

      Өткізілген мүліктің меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны болмаған кезде, белгіленген нарықтық құнын айқындау мерзімі сақталмаған кезде, сондай-ақ, мүлікті сатып алу бағасы (құны) болмаған басқа жағдайларда құн өсімінен түсетін табыс:

       мүлік бойынша (тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт меншік құқығында болған - мүлікті өткізу бағасы (құны) мен бағалау құны арасындағы оң айырма болып табылады. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган өткізілген мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарында мүлік салығын есептеу үшін айқындаған құн бағалау құны болып табылады;

             Қазақстан Республикасының Кодексінің 186-бабына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі. Салықты төлеуді   жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша  жүргізіледі.

      Сонымен қатар, салық есептілігін уақытында емес ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған туралы сіздің назарларыңызға аударамыз.