Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтардыдың тіркелуі, сонымен қатар олардың Қазақстан Республикасында көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершіліктері

Екібастұз қаласының ішкі істер Басқармасының көші-қон полициясы бөлімі Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі 98 ғимаратта орналасқан, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтардың уақытша немесе тұрақты тіркелуі туралы, сонымен қатар тұрақты мекен жайға-қалдыру, Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау, Қазақстан Республикасы азаматтығына қатыстығын анықтау, шетел азаматтарын ыхтиярхат жеке куәліктеріне немесе азаматтығы жоқ куәліктерге құжаттандыру, Қазақстан Республикасынан шет шығуы туралы және ұйымдарға қарызын төлеуден немесе балаларын асырауға қаражат төлеуден жалтарып іздеуде жүрген сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.

Қабылдау уақыты күнделікті дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, үзіліс уақыты 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, жексенбі-демалыс күні.

 

Шетел заматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен күннен бастап бес күннің ішінде уақытша немесе тұрақты келген мекен-жайы бойынша жергілікті ішкі істер органына еліп тіркелуі міндетті, Ресей Федерациясы және Беларус Республикасы азаматтары отыз тәуліктің ішінде келіп тіркелуі тиіс, сонымен қатар заңды тұлғаларға келген шетел азаматтарын жауапты мекеме қызметкерлері тіркеуі тиіс.

Шетел азаматтарының немесе азаматтығы жоқ азаматтардың, яғни мигрантардың Қазақстан Республикасы аймағында уақытша тіркелуі үшін олардың төлқұжаттары немесе визалары негіз болады, Қазақстан Республикасы мемлекетаралық визасыз келу және болуы туралы келісімдері бар елдер, қабылдаушы жеке және заңды тұлғалардың немесе мигранттың жеке өтініш беруіне байланысты тіркеледі.

Тіркелу және болу мерзімдерін созылуы өтініш берілген күні рәсімделеді.

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуының созылуына  өте қажетті жағдайда ғана рұқсат беріледі (яғни, шетел азаматының немесе жақын туыстарының науқасына байланысты, форс-мажорлық жағдайлар) міндетті түрде болған жағдайды құжаттарымен дәлелдеу қажет.

Қазақстан Республикасына келген мигранттар өздерінің құжаттарын қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғаларға тапсыруы қажет, ішкі істер органдарында тіркеуден өткізілгеннен кейін төлқұжаттары исіне қайтарылады.

Тіркеу мерзімі, қабылдаушы жеке, заңды тұлғалардың немесе мигранттың өтінішінде көрсетілген мерзімдерге тіркеледі, бірақ визада көрсетілген мерзімдерден аспауы керек. Сонымен қатар мигранттардың төлқұжаттарының мерзімінен тіркеу мерзімі созылмайды.

Қазақстан Республикасына шетелден келген азаматтар, егер Қазақстан Республикасымен мемлекет аралық визасыз келуі, болуы туралы келісім шарттары бар елдер  отыз тәулікке дейін тіркеледі, ал Кедендік одақ мемлекет- мүшелері азаматтары – тоқсан тәулікке дейін тіркеледі, және көрсетілген мерзімге дейін созылады.

Білім алу мақсаты үшін келген мигранттардың төлқұжаттары бір жыл оқу мерзіміне тіркеледі.

Жұмыс бабымен келушілер алты айдан немесе одан жоғары мерзімдерге тіркелу үшін, қабылдаушы жұмыс беруші мекеменің жазба түрінде қолдаухаты(өтініші), еңбек келісім шарт көшірмесі және 3,5х4,5 см фотосуреті, сонымен қатар дәрігерлік анықтама (ден-саулық органынан кеуде клеткаларының флюрографикалық тексеру нәтижесі, ЖИТС инфекциясы анықтамасы), т.с.с., қажетті құжаттар.

Миссионерлік іс-әрекеттерімен, сол сияқты әлеуметтік немесе қолдау көмек көрсету мақсаттарымен келген шетел азаматтары, ішкі істер органдарына жалпы негізде көрсетілген тәртіпке сәйкес тіркеледі, сонымен қатар жергілікті уәкілі мемлекеттік религия іс-әрекеттерін бақылау органына  есепке тұрады.

Қазақстан Республикасында уақытша келіп тіркелген мигранттар мекен-жайларын ауыстырған жағдайда, олардық қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалары жазбаша түрде мигранттардық мекен-жайлары ауыстырылғандығы туралы үш күннің ішінде  ішкі істер органының көші-қон полициясы бөліміне хабарлауы қажет.

Мигранттар уақытша немесе тұрақты мекен жайларын өзгерткен жағдайларда үш күннің ішінде қайта тіркелуі қажет.

Қазақстан Республикасында мигранттардың заңға қайшы, тіркелусіз болғандығы анықталған жағдайда, олардың тіркелуіне көші-қон полициясы қызметкерлерінің баянаты негіз болады.

Жергілікті көші-қон полициясы бөлімінде уақытша келіп тіркелген мигранттарды, ішкі істер Басқармасы басшылығы арқылы, тіркелген мерзімдері көрсетіліп оларды мекен-жайлары үшін тексеру үшін учаскелік полиция қызметкерлеріне хабарлама жолданылады.

Егер, мигранттардың Қазақстан Республикасында рұқсат берілген мерзімдерінде қайтудан жалтару деректері анықталған болса, оларға учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік хаттама толтырып әкімшілік жауапкершілікке тартып, тіркелген мекен-жайы бойынша көші-қон полициясы бөліміне хабарлайды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен шет шығарылған мигранттардың Қазақстан Республикасынан шет шығуын учаскелік полиция инспекторлары бақылау жүргізіп, қолдау көрсетеді.

Шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ азаматтар және оларды қабылдаушы жеке немесе заңды тұлғалар, сонымен қатар жұмыс беруші жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына қайшы келетін заң бұзушылықтарға жол берсе, Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 01 қаңтарынан күшіне енген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне немесе Қылмыстық кодексінде көрсетілген бабтарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінде көрсетілген әкімшілік жауапкершіліктер;

517-бап «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның
 Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы»

1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
      3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәулік ішінде Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –ескерту жасауға әкеп соғады.

 4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы –
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
      5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы –
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
      6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
      7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

    518-бап «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы»

      1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу не олардың Қазақстан Республикасында болуы не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі құқығына құжаттарды ресімдеу жөнінде шаралар қолданбауы –
      жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын жерінің сәйкес келмеуі –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші, екінші және үшiншi бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкпен немесе азаматтығы жоқ адаммен визада не тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарда жүзеге асырылатын қызметке сәйкес келмейтін мәмілелер жасасу –
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

519-бап «Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшi келушiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында еңбең қызметiн заңсыз жүзеге асыруы»

      1. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалану –
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыскердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы –
      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметiн жүзеге асырудың қажеттi шарты болып табылатын жағдайда, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осындай рұқсат алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы –
      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Жұмыс берушi жеке тұлғаның үй шаруашылығында жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) еңбекшi көшiп келушiлердi iшкi iстер органдары беретiн тиiстi рұқсатсыз тартуы немесе бiр жұмыс берушi жеке тұлғаның бiр мезгiлде бестен көп еңбекшi көшiп келушiмен үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) бойынша еңбек шарттарын жасасуы –
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

496-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық туралы
                заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы –
      жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Қазақстан Республикасының азаматының басқа мемлекеттің азаматтығын алуы –

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Мемлекеттік қызметтегі адамдар, сондай-ақ билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар жасаған осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер-

 үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

495-бап «Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде не Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну»

      1. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсыну –
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көрiнеу жалған мәлiметтерді ұсынуы –
      Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.

492-бап.«Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру»

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеуден өтпей тұруы –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының үш айдан астам мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тiркеуден өтпей тұруы –
      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасында шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның күнтізбелік он күннен астам мерзімде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуден өтпей не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгінсiз не жарамсыз тұру ықтиярхатымен, азаматтығы жоқ адамның жарамсыз куәлiгімен тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарын паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не азаматтығы жоқ адам куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабардар етпеу –
      бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  493-бап.«Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі

      1. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуге жол беруi –
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншiк иесiне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және (немесе) үй-жайларда тіркелген және тұрмайтын жеке тұлғаларды тiркеуден шығару жөнiнде шаралар қолданбауы –
      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

449-бап «Қоғамдық орындарда тиісу»

      1. Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру –
      жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
      он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер – Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

 

 

Екібастұз қалалық ішкі істер Басқармасы

көші-қон полициясы бөлімі бастығы

полиция подполковнигі                  Гүлнұр Кәріпжанқызы Клышпаева