Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.19.01. бастап 15ж.26.01. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 06 сағ. 53 мин. Абай көшесі бойында, қазынашылық ауданда КАВЗ автобусы жолдан шығып кетіп, магистралдық құбырға соқтыққаны туралы хабарлаған 102 кезекшісінен қоңырау түсті. Қысылып қалғандар бар. Құтқарушылар, оқиға орына келіп, қысылып қалған бір адамның жүргізуші екенін анықтады. Құтқарушылар, арнайы құралдарды қолданбастан жүргізушінің денесін алып шықты. Жүргізушінің денесі есік пен орындықтың арасында болды.   
  2. 14 сағат 15 мин. тұрғын үйдің бір пәтерінде мүгедек әйел есікті ашпайтындығы, есік қағысына және телефон қоңырауларына жауап бермейтіндігі жөнінде хабарлаған учаскелік инспектордан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, учаскелік инспектордың көзінше арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.    
  3. 12 сағ. 35 мин. Майқайын–Үшқұлын жолында қар күртігінде малтығып қалғандығы туралы хабарлаған КАМАЗ автокөлігінің жүргізушісінен қоңырау түсті. Құтқарушылардың көмегі керек. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, КАМАЗ автокөлігін қар күртігінен таза жолға сүйретіп алып шықты.    
  4. 23 сағ. 16 мин. «Ауди-80» автокөлігінде қар күртігіне малтығып қалғандығы, және онымен бірге тағыда төрт жолаушы бар екендігі, және өздігінен шыға алмайтындығы жөнінде хабарлаған, Шідерті кентінің тұрғыны, «Ауди-80» автокөлігінің жүргізішісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, малтығып қалған автокөлікті КАМАЗ автокөлігіне арқан арқылы іліп, қар күртігінен таза жолға шығарды.    

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3-бөлімшенің басшысы                                              Оспанов М.М.