Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



15ж.12.01. бастап 15ж.19.01. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 09 сағ. 59 мин. сыртқы есіктің құлпы желініп қалғандықтан, үйіне келгенде өз кілтімен есікті аша алмай тұрғандығы туралы хабарлаған жалғыз тұратын зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.   
  2. 03 сағ. 19 мин. күштеп жас қызды ұстап отырған, көп қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінің есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған ІІБ кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, осымен полиция қызметкерлеріне жол ашты.
  3. 19 сағ. 49 мин. Ауызсу су қоймасы, Екібастұз саяжай ауданы (қыр жолы) олар балық аулаған жерден ауызсу су қоймасынан қырдағы жолмен машинамен жолға шығып келе жатқанда, ВАЗ 2106 автокөлігемен күртік қарға малтығып қалғандығы, өздіктерінен шыға алмайтындықтары туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. ТЖ орнына КАМАЗ автокөлігі шықты. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, КАМАЗ автокөлігіне малтығып қалған автокөлікті арқанға іліп, тас жолға дейін сүйреп жеткізіп салды.

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

  

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4- бөлімшенің басшысы                                  Ж.К. Қайырбаев