Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Өртке қарсы сумен жабдықтау құралдарын тексеру қорытындысы

Өртке қарсы сумен жабдықтау құралы -  ол өрттерді сөндіру үшін  әр түрлі тұтынушылардың сумен қамтамасыз ету бойынша жиынтық іс- шарасы. Өрт ісінде ең негізгі проблема - бұл өртке қарсы сумен жабдықтау құралы. Қаланың және  өндірістік кәсіпорындардың  жағдайларын өркендету барысында, өртке қарсы қорғау жүйелеріне мән беру қажет, өйткені олардың  жобаларында, құрылыстарында, суды өткізу  реконструкциясында тек қана шаруашылық, өндірістік жағдайларды қамтамасыз ету ғана емес, онда өртке қарсы жағдайларды қарастыру туралы да байқалған. Өртке қарсы ең негізгі талаптар, өрт сөндіру кезінде судың нормативті көлемі арқылы түсетін арнайы  қысымын қажеттілік етеді.

Қалада өрттерді сөндіру мақсатында суды арнайы су құбыры желісінде орналасқан өрт гидранттарынан, өрт сөндіру автокөліктері арқылы қамтамасыз етеді.

Ағымдағы жылдың күз уақытында Екібастұз гарнизонның өртке қарсы бөлімшілері өрт сөндіруге шығу барысында, өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне тексеріс жүргізді. Екібастұз гарнизоның өртке қарсы қызметпен қамтамасыз етуіне енетін аймақтар олар: Екібастұз қаласы, Солнечный поселкісі, Шідерті және 13 ауыл округтер.

         Тексеріс аяқталғанан кейін «Горводоканал» МКМ балансында тұрған өрт гидранттардың  жалпы саны 256, оның ішінде:

-         235 өрт гидранттары Екібастұз қаласында, жақын елді пунктерінде (Қоянды п. 2 өрт гидрантты, Лесхоз п. 1 өрт гидрантты; ал Құрлысшы п. 1 өрт гидрантты, атығай п. 1 өрт гидрантты ).

-         Солнечный поселкісінде 21 өрт гидрантты;

Тексеру барысында 256 өрт гидранттың  4 жөнделмеген жағдайда тұрғаны байқалды. Соның ішінде;

-         3 өрт гидрантты жоқ.

-         1 өрт гидранты су құбырынан қиылып тасталған.

«Горводоканал» МК мекемесі Екібастұз қаласы ТЖ басқармасымен келісілген жоспар-кестесі бойынша,  жөнделмеген жағдайда тұрған  17 өрт гидрантарының ішінен 14 өрт гидранттына жөндеу жұмысын жүргізді.

Бірнеше жылдан бастап қаланың жеке секторлары  әлі күнге дейін су жоқ ауданы болып қала береді, 207-208 кварталдарда өрт гидранттары мүлдем жоқ.

«Азаматтық қорғаныс туралы» заңының 5 тармақтың 1 тармақшасына сай, жаппай адамдардың жиналу орындарында барлық жерлерде өрт гидранттары құрылуы емес.

 

 

Екібастұз қаласы ТЖБ МӨҚБ-нің бас маманы

Раскельдинова Б.А.

Екібастұз қаласы 14- ӨСБ-нің аға инженері

Б.С.Жамалов