kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

15ж.05.01. бастап 15ж.12.01. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары

1. 16 сағ. 10 мин. жуынатын бөлмеде құлап қалған әкесі көмек сұрап жатқандығы, ал сыртқы есік ішінен жабық тұрғандығы туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Пәтерге кірді, жуынатын бөлмеде үй иесі жатты, оны көтеріп диванға әкелді.

2. 15 сағ. 08 мин. иті плиталардың арасында қыстырылып қалғандығы және өздігінен шыға алмайтындығы жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылардың оқиға орнына келуінде, плиталардың арасында екі ит қыстырылып қалғандығы анықталды. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен төрт плитаны жылжытып, иттерді босатты.  

3. 07 сағ. 04 мин. аурухананың жарақат пунктінің учаскелік кезекшісінен қоңырау түсті және ісіп кеткен саусағынан сақинаны шешіп беру өтінішімен әйел келгендігі және қазір оны таксимен жасақ орналасқан орынға сақинаны шешуге құтқарушылар көмек көрсету үшін жіберетіндіктерін хабарлады. Құтқарушылар тістеуіктің көмегімен сақинаны тістеп саусағынан шешті.   

4. 08 сағ. 42 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан, үйіне келген ұлы өз кілтімен есікті аша алмағандығы, пәтердің ішінде қарт әжей бар екендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Есік қағысына жауап бермейді. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, әжейді бөлмелердің бірінің еденінде жатқан күйінде тапты, оны көтеріп кереуетке жатқызды және ұлының қамқорлығына қалдырды.  

 

  ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ»

1-құтқару бөлімшесінің басшысы                                        Смирнов С.Ю.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза