Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



ХҚКО инспекторлары «Ана үйі» дағдарыс орталықтарында оқыту семинарын өкізді

Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары Қазақстанның 15 қаласында: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Өскемен, Қарағанды және т.б. қалаларда «Ана үйі» (Ана үйі) дағдарыс орталықтарының қамқоршылары мен қызметкерлерін электрондық үкімет порталымен жұмыс жасауға үйретті.

 

            Қайырымдылық қорының басшылығы аталмыш іс-шараның бастаушысы болды.

«Көптеген қазақстандықтар көрсетілетін қызметтерді мемлекеттен өздігінен, ғаламтор арқылы, ХҚКО-лар мен мемлекеттік органдарға бармай ақ алуды қалайды. Біз көпшіліктен сырт қалмауға тырысып, біздің қыздарымызды eGov порталы арқылы электрондық қызметтер алуға үйрету керек деп шештік. Оларбіздің дағдарыс орталығынан шығысымен, бұл дағдылар оларға жарап қалуы әбден мүмкін, себебі қолыңызда сәби болған кезде, қайбір мемлекеттік инстанцияларға барып жүруге уақытың да жоқ», - деп атап өтті «Ана үйі» қорының директоры Балия Кенжеболатова.

Семинар барысында әйелдерге баланы балабақша үйіне кезекке қалай қою керектігі, мекенжай анықтамасын, баланың тууы туралы анықтаманы, зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы және т.б. алу көрсетілді. Қор қамқоршылары мен қызметкерлері электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтінім берді және кейбір көрсетілетін қызметтерді өз бетінше алуға тырысып көрді. Бүгінгі күні egov порталы арқылы екі жүзден астам мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға болатындығын атап өткіміз келеді. Айта кетейік, бүгін электрондық үкімет шеңберінде  700-ден астам қызмет алуға болады.

"Біз осындай оқыту семинарларын түрлі ұйымдармен үнемі өткізіп тұрамыз. Бұдан басқа, біздің инспекторлар азаматтарға электрондық үкімет порталымен жұмыс жасауды тікелей ХҚКО-ларда, "Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында үйретеді. Бір кезде қызметті онлайн алған азамат, әдетте порталдың тұрақты пайдаланушысына айналатындығын және ғаламтор арқылы алуға болатын қызметтерді алу үшін ХҚКО-ға енді қайтып келмейтіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Бүгінде біз электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға қордың 150-ден астам қамқоршысынан өтінім қабылдадық, бұл дегеніміз жуық арада тағы да 150 адам е-қызметтерді өздігінен ала алатын болады», - деп айтып өтті «ХҚКО» РМК бас директорының м.а. Әсемгүл Балташева.

Бүгінгі күні 264 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатқандығын еске сала кетейік. Әр ХҚКО-да «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қызмет жасауда, онда ЭЦҚ-сы бар азаматтар электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады.  Егер көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болмаса, ХҚКО кеңесшілері оны ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету секторында ресімдеуге көмектеседі және дәл сол жерде порталмен жұмыс жасауға үйретеді. Айта кетейік, 2014 жылы ХҚКО-ларда 2,5 милионға жуық ЭЦҚ берілді, ал өзіне-өзі қызмет көрсету орталықтарында қазақстандықтар 6 миллионнан астам кеңестер мен анықтамалар алды.