Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Әкімдердің Сарықамыс ауылдық округі мен Солнечный кентіндегі есеп беру кездесулері

2015 жылдың 26 қаңтарында Сарықамыс ауылдық округі мен Солнечный кентінде есеп беру кездесулері өтті.

Өткен жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2015 жылға арналған жоспары туралы ауыл тұрғындарының алдында Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк, Сарықамыс ауылдық округінің әкімі Сейсембаев Марат және Солнечный поселкесінің әкімі Маржан Алшимбаева  есеп берді.

        Аталмыш есеп беру кездесулеріне 282 адам қатысты. 5 ауыл тұрғыны сөз алып, әлеуметтік тұрғыдағы 2 ұсыныс жасалды.    

Есеп беру жұмысына жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

         Кездесудлердің қорытындысы бойынша әкімдердің жұмысы қанағаттанарлық деп танылды.