Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сот кабинеті

Ағымдағы жылғы қаңтардан бастап Электрондық үкімет порталында «Сот кабинеті» жандандырылды, онда азаматтар соттың бірінші  сатыларында талап арыздарды алғашқы беруден бастап, қадағалау тәртібінде сот актілерін қарастыруға дейін азамттық сот істері бойынша қызметтерді алуға мүмкіндіктері бар.

         «Сот кабинетін» жандандыру ЖСН немесе БСН және пароль көмегімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаның өкілі өтінішті  (өтінімді) берген кезде жандандыру БСН арқылы жүзеге асырылады.

         Сот кабинетінде жұмыс істеу үшін жандандыру және тіркеу Электрондық цифралық қолтаңба арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО клиенттері өзіне-өзі қызмет көрсету секторында ала алады.  

         Электрондық құжаттарды беру сервисінің қолданушысы «Сот кабинеті»авторизациялау процесін өткеннен кейін келесі құжаттар тізімімен сотқа жүгіне алады:

1)    талап арызбен;

2)    сот отырысы хаттамасын ұсыну туралы өтінішпен;

3)    сот отырысы хаттамасының ескертуімен;

4)    өтінішпен.

Қызмет ақылы. Мемлекеттік баж төлемі «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы электрондық өтініш үлгісін толтырғаннан кейін жүргізіледі.