Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Азаматтарды есепке қою және тіркеу

Егер де сіз жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыс тапқыңыз келсе, толтырылған өтінішке сіздің жұмыссыз азамат ретіндегі мәртебеңіз жөнінде куәландыратын анықтаманы қосымша беруіңіз қажет. 

           Жұмыссыз бойынша есепке кез келген ХҚКО бөлімінде тұруға болады. Қызмет тегін, дайын хабарлама жүгінгеннен кейін 5 жұмыс күні өткеннен кейін келеді. Қызметті алғаннан кейін инспекторға тек жеке куәлік, диплом мен еңбек кітапшасын ұсыну қажет. Ал егер сізде ЭЦҚ бар болса, онда жұмыссыз азамат ретінде Электрондық үкімет порталында «Әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмысқа орналасу» бөлімінде есепке тұруға болады. Бұл үшін Біртұтас Электрондық кезектен талон алу қажет емес, тек «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторына барсаңыз болды, ал егер сіз Порталдың тәжірибелі қолданушысы болсаңыз, онда қызметті үйде ХҚКО бармай ресімдеуге болады.   

        Құжаттар тізімі бұрынғы, бірақ электрондық үлгіде берілген.