kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Айнұр Қаратаева: Аялдама

Құрметті Александр Федорович! Хат жолдау себебім – №2,22,3,5 бағытты автобустары аялдайтын «нарық» аялдамасын сүт, балық өнімдерін, басқа да ұсақ-түйек заттарды саудалайтын саудагер әжелер жайлап алғандықтан автобусты күтіп отыратын орындық жоқ. Мұндағы орындықтарды саудегерлер иемденіп алған. Рұқсат етілмеген орындарда сауда жасауға тыйым салынғаны заңмен көрсетілген. Ендеше бұл заң неге орындалмайды? Құзыретті органдардан тиісті жауабын беруді өтінемін.
Екібастұз тұрғыны 

Құрметті  Айнұр!

 

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің сайтына келіп түскен «Екібастұз қаласы Горняков көшесі бойынша «Нарық» аялдамасында санкциясыз сауда жасалады» мәселесі бойынша өтінішіңіз Екібастұз қаласының ІІБ 2015 жылғы 15 қаңтардағы АЕК-на № 714 тіркелгенін хабарлаймыз.

            Екібастұз қаласының ІІБ учаскелік полиция инспекторлары бірнеше рет жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша Екібастұз қаласы Горняков көшесі бойынша «Нарық» аялдамасында санкциясыз сауда жасау фактілер анықталды.

            Осы факт бойынша ҚР ӘҚБК «Бекітілмеген жерде сауда жасау» 165-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке азаматша И. В. Гаврилкина және азаматша В. У. Джубаева тартылды, осы жылы ҚР ӘҚБК 204-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке азаматша З. Коймуретова тартылды.

            Өтініш көшірмесі қажетті тексеріс жүргізу үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша басқармасына жіберілді.

 

 

Екібастұз қаласы ІІБ бастығының орынбасары

полиция майоры                                                                                        А. Данияров

Құрметті Айнұр!

 

            Сіздің Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербнякқа «Нарық» аялдамасы ауданындағы қауіпті сауда мәселесі бойынша жазған өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

            Кәсіпкерлік бөлімімен ІІБ-ның өкілдерімен бірлесе тұрақты негізде өз құзыреті шегінде ҚР ӘҚБК «Белгіленбеген жерлердегі сауда» 165 – бабы бойынша белгіленбеген жерлерде сауда жасаушы тұрғындардың арасында түсіндірме жұмысы  жүргізілуде.

            «Нарық» аялдамасы ауданындағы қауіпті сауда фактісі бойынша участкелік полиция инспекторларымен жұмыс жасалды және үш тұлғаға қатысты белгіленбеген жерде сауда жасағаны үшін ҚРК «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы»  165-бабы бойынша әкімшілік хаттамасы толтырылды.

            Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

            Сіз ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының негізінде қабылданған шешімге шағым арыздануға құқыңыз бар.

 

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі»

ММ басшысының м.а.                                                                                                     Ж. Жанымхан

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза