Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметі беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

 Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
 ХҚКО-ға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 4 (төрт) айдан аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
 Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік.
Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.