kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерін беру:
 көрсетілетін қызметті беруші;
 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);
 www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
ХҚКО-ға – күнтізбелік 20 күнге дейін (ХҚКО орналасқан жердің арақашықтығына байланысты).
портал арқылы жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
 көрсетілетін қызметті берушіде, ХҚКО-да – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалардың және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртаңбасын қою;
 порталда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалардың және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртаңбасын қоюға дайын екендігі туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
 Мемлекеттiк қызмет 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шетелге жіберілетін мұрағаттық анықтамалардың және (немесе) мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль мөртаңбасын қою үшін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 %-ын құрайтын мемлекеттік бажды бюджетке төлеу түрінде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза